Бүгін Академия ғалымдары белгілі ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Есенгелді Сүйіновпен кездесу өткізді.
Есенгелді Сүйінов Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Академияның 100 жылдық және Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, елімізде білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жастардың сапалы білім алуына, кәсіби және рухани дамуына жасалған зор мүмкіндік екенін айтып өтті.
Сонымен қатар Есенгелді Сүйінов «Әліппе» пәнінің оқу бағдарламасына қайта қосудың сапалы білім берудегі маңызына тоқталып, Академияның осы жолда атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Жиын соңында Есенгелді Сүйінов өз шығармашылығына қатысты қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу Академияның Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы зертханасының ұйымдастыруымен өтті.