Алтынсарин академиясында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихинамен кездесу өтті.
Кездесуге Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов, министрліктің ведомстволық қарауындағы ұйымдардың басшылары: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы, Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова және т.б. қатысты.
Кездесуге қатысушылар Орта білім беруді бағалаудың ұлттық шеңберін, бағалаудың қолданыстағы құралдарын, ішкі және сыртқы бағалауды, Қазақстан Республикасындағы бүкіл бағалау жүйесіне қолданылатын негізгі қағидаттарды талқылады.
ЮНИСЕФ өкілі Татьяна Адерихина кездесуге қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру сапасын өзін-өзі бағалау критерийлері мен нәтижелерін ұсынды.