Алтынсарин академиясында VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы Тау Нұргүлмен Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнын талқылау өтті.
Кездесу барысында «Әділетті Қазақстан», «Еңбек адамы», «Толық адам», «Адал адам» идеологияларын қамтитын және адамгершілік, тұлғалық қасиеттерге ұстын болатын құндылықтарды дарытуға бағытталған бағдарламаның мазмұны талқыланды.
Нұргүл Тау: «Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі. Сол үшін білім беру ұйымдары, мүдделі мемлекеттік органдар, отбасы және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-қимылын қамтитын «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» дер кезінде қолға алынған құжат», - деп ой түйіндеді.