Кездесу барысында Академия мен білім басқармасы арасында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Ерлан Сламбеков Атырау өңіріндегі білім сапасын арттыру жұмыстары туралы айтып, осы бағытта Академиямен бірлескен жобаларды әзірлеу туралы ойын жеткізді.
Академия президенті Мадина Тыныбаева Атырау өңірінің педагогтері мен әдіскерлеріне білім мазмұнындағы өзгерістерді түсіндіру, әдіснамалық, әдістемелік және зерттеушілік құзыретті дамыту бойынша Академияның қолдау көрсету, сондай-ақ білім жетістіктерін бағалауға арналған отандық және халықаралық зерттеулердің нәтижелерімен жұмыс істеуге дайын екендігін айтты.
Кездесуде инклюзивті білім беру, кәсіптік бағдар беру, әдістемелік кабинеттерді қолдау, әдіскерлердің Академияда тағылымдамадан өту мәселелерін де талқылады. Аталған бағыттағы жұмыстар бойынша нақты шараларды іске асыру келісілді.