qaz
Батыс Қазақстан өңіріндегі Тамыз конференциясы

Алтынсарин академиясының Әдістемелік қызметті үйлестіру және кәсіби дамыту орталығының жетекші сарапшысы Төлеу Әбішев Батыс Қазақстан өңіріндегі Тамыз конференциясына қатысуда.

Төлеу Әбишев Академия атынан педагогтерді Тамыз конференциясымен құттықтап, оларды жаңа  2023-2024  оқу жылының оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды. Атап айтқанда, ол білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту, мектептердің ата-аналар қауымдастықтарымен тәрбие мәселелерінде өзара іс-қимылын нығайту қажеттігін атап өтті.