Ұстаздардың Тамыз конференциясы аясында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева мен Орта білім мазмұны институтының директоры Сейфулла Смайлов Маңғыстау облысында «Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру» тақырыптық сессиясына қатысуда.
«Біз қасиетті Маңғыстау жерінде білім мазмұны бойынша өзекті мәселелерді талқылаймыз. Білім мазмұны – бұл білім алушылар игеруі тиіс білім, дағдылар, құзыреттер мен құндылықтар. Білім мазмұнының компоненттері мемлекеттік білім беру стандарттарында айқындалады. Мемлекеттік білім беру стандарттары білім беру ұйымдары, педагогтер, білім алушылар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін үлкен маңызға ие, өйткені онда білім саласында жалпы сапа стандарты көрсетіледі», - деді конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде Мадина Тыныбаева.
Сейфулла Смайлов педагогтерді 2023-2024 оқу жылының оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды.