Жаңа оқу жылы қарсаңында Тараз қаласының педагогтері білім берудегі бағалауды талқылады. Аталған мәжіліске Алтынсарин академиясының Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының директоры Сәния Жұмажанова мен бас сарапшы Исатай Сағындықов қатысты.
Сәния Жұмажанова конференция қатысушыларына білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалаудың қолданыстағы жүйесін, жалпы білім беретін мектептердегі қазіргі ерекшеліктері, қиындықтары мен оны іске асыру перспективалары туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды.
Исатай Сағындықов педагогтерді «Өлшеу және бағалау» және «Жетілдіру және ынталандыру» монографиялары сериясымен таныстырды. Сонымен қатар И.Сағындықов ғылыми еңбектерде зерделенген педагогикалық квалиметрияның тиімділігі, білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі, мектепте оқуды өлшеу қажеттілігі және өлшеу кезінде жіберілетін қателіктер туралы зерттеулерді талдап баяндады.