Түркістан қаласында «Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие» тақырыптық сессияның жұмысына Академияның «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры Анар Тәңірбергенова және жетекші сарапшы Қуандық Тайболатов қатысуда.
Анар Тәңірбергенова конференцияға қатысушыларды 2023-2024 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Биылғы жылы «Әділетті Қазақстан», «Еңбек адамы», «Толық адам», «Адал адам» идеологияларын қамтитын және адамгершілік, тұлғалық қасиеттерге ұстын болатын құндылықтарды дарытуға бағытталған «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері мен Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленді. Аталған маңызды құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, ұлттық мүддені жоғары қоятын, өзінің туған жерін, Отанын қадірлейтін, терең білімді, озық ойлы, еңбекқор, адал және ұлттық болмысы айқын тұлға тәрбиелеу міндетін көздейді», - деді Анар Тәңірбергенова.