qaz
Әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру

28 тамызда Алтынсарин академиясының Орта білім мазмұны институты мен Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығы «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға ҚР ОМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының, білім басқармаларының, әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) және мамандандырылған мектептердің өкілдері, жиыны 700-ден астам адам қатысты. Орта білім мазмұны институтының директоры Сейфулла Смайлов жаңа оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы баяндама жасап, педагогтердің сұрақтарына жауап берді.