qaz
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша семинар

Алтынсарин академиясының Орта білім мазмұны институтының қызметкерлері облыстық, қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша семинар өткізді.

Институттың жетекші ғылыми қызметкері Ардақ Дүйсенбаева «2023-2024 оқу жылында «Жаһандық құзыреттіліктер» курсын оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Вебинарға 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде облыстық, қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, облыстың жетекші мектептерінің педагогтері болды.

Аталған вебинар барысында әдіскерлер білім алушылардың оқу жүктемесімен, күнтізбелік-тақырыптық және сабақты жоспарлаумен танысты. Вебинарға қатысушылар курсты оқытуда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету қажеттілігі туралы пікірлерін жеткізді. Курсты оқытуды мониторингілеу және жетілдіру бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру ұсынылды.

 «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары және педагогтерге арналған нұсқаулықпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар https://uba.edu.kz/qaz/globalc/7