«Мән бере оқыту технологиясы дәстүр мен инновация тоғысында» тақырыбында онлайн-семинар

▫️Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» зертханасы іс-тәжірибе алмасу мақсатында өңірлердегі мектеп педагогтеріне «Мән бере оқыту технологиясы дәстүр мен инновация тоғысында» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. 

▫️Семинар барысында «дәстүрлі сабақ», «интербелсенді сабақ», «дәстүрден тыс сабақ» деген атау-ұғымдарға талдау жасалып, жалпы «дәстүр» сөзінің беретін семантикалық мағынасына, түсінігіне тоқталып, осы атауларды қолдай қоймайтындығының мәні түсіндірілді. «Дәстүр» мен «инновацияның» сабақтастығын «қазақ тілі» пәнін оқытуда мән бере отырып қалай жүзеге асырудың жолдары түсіндірілді.  Әр тақырыпты оқытуда «Мән бере оқыту технологиясын» қалай қолдану жолдарын мысалдар арқылы көрсетілді. 

▫️Семинарға облыстық,  Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әдістемелік орталық (кабинет) басшылары, педагогтер, барлығы 500 адам қатысып, әртүрлі сұрақтар қойылды.

Семинармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://youtu.be/rY74yXiQ3lA