24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі басталады.
Алтынсарин академиясы қызметкерлері республикалық Тамыз кеңесін мазмұндық тұрғыда сүйемелдеу үшін өңірлерде өтетін келесі тақырыптық секцияларға қатысады:
«Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру», Маңғыстау облысы - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева, Орта білім мазмұны институтының директоры Сейфолла Смайлов;
«Инновациялық білім технологиялары», Алматы облысы - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов, Орта білім мазмұны институтының бас ғылыми қызметкері Жауымбай Қараев;
«Білім саласындағы бақылау және бағалау», Жамбыл облысы - «Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер» орталығының директоры Сәния Жұмажанова, бас сарапшы Исатай Сағындықов;
«Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие», Түркістан облысы - «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры Анар Тәңірбергенова, жетекші сарапшы Қуандық Тайболатов;
«Ауыл мектебін дамыту», Ақтөбе облысы - Орта білім мазмұны институты директорының орынбасары Салтанат Жұмабаева, «Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертхана меңгерушісі Алмагүл Мұқышева;
«Педагог мамандарды дамыту», Солтүстік Қазақстан облысы - «Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту» орталығының жетекші сарапшысы Дулат Аманжолов;
«Білім саласындағы басқару негіздері», Батыс Қазақстан облысы - «Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту» орталығының жетекші сарапшысы Төлеу Абишев;
«Техникалық және кәсіптік білім беру», Павлодар облысы - «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының жетекші сарапшысы Айжан Мағауия.