2-сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Орыс тілі» оқу пәндерінің Оқу бағдарламасының мазмұнымен таныстыру республикалық семинары өтті

2023-2024 оқу жылының 2-сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Орыс тілі» оқу пәндерінің Оқу бағдарламасының негізгі мазмұнымен таныстыру республикалық семинары өтті.

Семинар барысында Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Каратабанов «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін жеке екі пән ретінде оқыту жалғасатынын және екі бағытты қамтитын ауқымы кең пәндер теориядан гөрі іс-тәжірибеге бағытталып оқытылатынын айтты. Сонымен қатар, биылғы оқу жылының ерекшелігі -  тілдерді кезең-кезеңмен оқыту бойынша оқытуы қазақ тіліндегі 2-сыныптарда «Орыс тілі» оқу пәнінің енгізілуі туралы атап өтті.

Семинар барысында мектепалды даярлық және бастауыш білім беру сабақтастығы бойынша жүргізіліп жатқан әдістемелік жұмыстар, 2-сыныптарға арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Орыс тілі» (оқыту қазақ тілінде) оқу пәндерінің оқу бағдарламаларының ерекшеліктері, құрылымы мен мазмұны, оқу мақсаттарының, бөлімдер мен бөлімшелердің логикалық реттілігі; оқу бағдарламаларын ашатын және жүзеге асыратын шығармашылық оқу әрекеттері, оқу бағдарламасын жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар және олардың алдын алу жолдары тақырыптары талқыланды. Сонымен қатар, оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін білікті ұстаздар тобынан құралған әзірлеуші топ мүшелері әдістемелік ұсынымдар мазмұнына шолу жасап, іс – тәжірибеде қолдану тиімділігі туралы пікір білдірді. 

Семинар соңында 1000-нан астам практик ұстаздар кері байланыс жасап, қорытындылар мен ұсынымдары білдірді. Семинармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://youtu.be/MVrS-sj6iaw