qaz
Республикалық тамыз кеңесі

2023 жылдың 24-25 тамыз күндері «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» білім саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз кеңесі өтеді.

Тамыз кеңесі еліміздің әрбір өңірінде тақырыптық бағыттар бойынша ұйымдастырылады. 

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы төрт өңірде тақырыптық бағыттың мазмұны бойынша жұмыстарды үйлестіреді. 

24 тамыз «Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру», Ақтау қаласы;

25 тамыз «Ауыл мектебін дамыту», Ақтөбе қаласы;

25 тамыз «Білім беру технологиялары», Алматы облысының Есік қаласы;

25 тамыз «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие», Түркістан қаласы.

Тамыз кеңесінің пленарлық отырысының және секцияларының трансляциясы Академияның Bilim 4.0 Youtube-арнасында жүреді https://www.youtube.com/@BILIM40_UBA_edu_kz