Жаңалықтарға қайту
15.08.2023
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты семинар өткізілді
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп еліміздің барлық өңірінен келген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, білім беру басқармаларының өкілдері қатысқан «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты семинар өткізді.
Семинарға қатысушылар екі күндік мәжілісте 2023-2024 оқу жылы білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттары,
мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында әлеуметтік тәжірибелерді қолдану, сонымен қатар дамыған және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыруда тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдары мәселелерін талқылайды.
Алтынсарин академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова өз баяндамасында жаңа оқу жылында білім алушыларды тәрбиелеу оқу пәндері мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар өткізу, сыныптан тыс қызметтер мен қосымша білім беру арқылы жүзеге асатындығын баса атап өтті.