qaz
10 тамыз – Абай күні құтты болсын!

Қазақтың бас ақыны, ғұлама ойшылы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы - өшпес із қалдырған ірі тұлға.

Абай әлемі – бүкіл қазақ қоғамының рухани азығы. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлтымыздың болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы, мінез табиғаты, жан жүрегі, ділі мен діні, қастерлі тілі мен асқақ рухы көрініс тапқан. 

Қазақ елі барда Абай есімі мәңгілік жасай береді.