Құрметті әріптестер!

Академия сайтында «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының екінші шығарылымы жарияланғанын хабарлаймыз. Журнал мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу. Журнал айдарларының тақырыбы келесі бөлімдерден тұрады: оқыту әдістемесі, тәжірибе және жаңашылдық, функционалдық сауаттылық, білім берудегі шетелдік тәжірибе, тәрбие процесі және психологиялық қызмет.

«Әдістемелік компас» айдарында «Үздік педагог» байқауының, педагогтер мен мамандардың инклюзивті білім беру ортасындағы рефлексиялық қабілеттерін дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сонымен қатар «Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша ұсыныммен таныса аласыздар.  

Журналдың толық нұсқасы мына сілтеме арқылы қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/nauka/3