qaz
Алматы қаласында оқу жылының ұзақтығы талқыланды

20 шілдеде Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың қатысуымен Сараптамалық кеңестің оқу жылының ұзақтығын ұлғайту жөніндегі шешімі талқыланды. 

«Бүгін біз өте маңызды мәселені талқылау және түсіндіру үшін жиналдық. Өздеріңіз білетіндей, сараптамалық кеңес мүшелері оқу жылының ұзақтығын 36 аптаға қалдыруды ұсынды. Бүгінгі іс-шараның мақсаты – осы ұсыныстың негізділігін түсіндіру.» – деді Қаныбек Жұмашев құттықтау сөзінде.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның вице-президенті Руслан Қаратабанов кездесу қатысушыларына жүргізілген зерттеу қорытындыларын, білім алушылардың, педагогтер мен ата-аналардың пікірін ұсынды. Ғалымдар Жаумбай Қараев пен Федор Вассерман оқу жылының ұзақтығын ұлғайту тиімділігіне жыл сайынғы мониторинг жүргізу қажет деген пікір білдірді. 

Мектеп директорлары, мұғалімдер бес күндік оқу аптасының мектеп оқушылары мен ұстаздардың сауығып, демалуына оң әсерін атап өтті.

Өз кезегінде ата-аналар 5 күндік оқу аптасын қолдады, өйткені бұл балаларға екі демалыс күнін отбасы шеңберінде өткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар демалыс күндерін көбейту арқылы мектеп оқушыларына қосымша білім алуға, үйірмелер мен спорт секцияларына баруға мүмкіндік береді. 

Талқылау аясында оқушылардың жалпы демалыс уақыты 180 күн, оқу уақыты да 180 күн, барлық мұғалімдер 5 күндік жұмыс аптасына көшті, ал оқушылар үшін күн сайынғы сабақтар саны азайды.

Талқылауға қатысушылардың көпшілігі 5 күндік оқу аптасын қалдыру керек деген пікір білдірді.

Дөңгелек үстел жұмысына Алтынсарин Академиясының, білім басқармасының өкілдері, аудан әкімдері, мектеп директорлары мен Алматы қаласының әдіскерлері қатысты.