qaz
Құрметті педагогтер!

Облыстар мен қалалардың әдістемелік орталықтары / кабинеттері тәжірибе алмасу және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында республикалық семинарлар сериясын өткізіп жатыр. 

Семинарға қатысушылар педагогтерді әдістемелік қолдау бойынша озық тәжірибелер мен жобаларды, соның ішінде педагог кадрларды дамыту, функционалдық сауаттылықты арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, ауыл мектептері мен ШЖМ-ді қолдау, психологиялық қызметтерді дамыту, тәрбие және қосымша білім беру бойынша озық тәжірибелерді таратады.

Семинарларға білім басқармаларының мамандары, әдіскерлер, басқа өңірлерден келген мектеп басшылары мен орынбасарлары қатысады.

Семинарлар туралы толығырақ ақпаратты өңірлік әдістемелік орталықтардан және кабинеттерден білуге болады.