Жаңалықтарға қайту
12.07.2023
Сарапшылар оқу жылының ұзақтығын талқылады
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында оқу жылының ұзақтығы талқыланды.
Академияның вице-президенті Руслан Қаратабановтың айтуынша, 2022-2023 жылдары жалпы білім беретін мектептердің 95%-ы 5 күндік оқу аптасына көшкен. Қазақстандық мектептердің бес күндік оқу аптасына көшуі, сондай-ақ білім алушыларға оқу жүктемесінің төмендеуі оқу жылының ұзақтығының заңды түрде ұлғаюына әкелді.
36 апталық оқу жылының қорытындысы бойынша
Алтынсарин Академиясы зерттеу жүргізді, ол зерттеуге білім алушылар, ата-аналар және педагогтер қатысты.
«Зерттеу нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының жартысына жуығы 6 күндік оқу аптасынан 5 күндік оқу аптасына ауысу екі демалыс күнін толық демалуға және отбасымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Өз кезегінде мұғалімдер оқу жылының ұзақтығын ұлғайту күрделі тақырыптарды бекіту мен қайталау үшін қосымша оқу сағаттарын пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұғалімдер де, мектеп оқушылары да бес күндік жұмыс аптасының демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге оң әсері бар екенін көрсеткені.», – деді Руслан Қаратабанов
Талқылауға оқу жылының ұзақтығы жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшелері, жеке және мемлекеттік мектептердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ата-аналар қатысты.