qaz
Инклюзивті білім беру орталығының директоры Л.А. Бутабаева «Хабар» телеарнасының«БҮГІН» телебағдарламасына қатысты

7 қазанда Инклюзивті білім беру орталығының директоры Л.А. Бутабаева «Хабар» телеарнасының«БҮГІН» телебағдарламасына қатысты.

Қатысушылар еліміздегі инклюзивті білім беру мәселелерін, ерекше білім беруді қажет ететін балалар санының жылдан жылға өсуінің себебін, инклюзивті қоғам құру үшін қажет шаралар, сондай-ақ қазіргі уақытта балалардың инклюзивті білім берумен қамтылуы туралы мәселелерді талқылады.

Бағдарламаға сондай-ақ ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің бас сарапшысы А.Қ. Айтжанова, Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім беру бойынша үйлестірушісі Н.Әбілқасымова, Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп-гимназиясының педагог-ассистенті А. Махметова қатысты.

Шығарылым сілтемесі: https://khabar.kz/kk/songy-shygarylym-bugin