qaz
Ата-аналар қауымдастығымен оқу жылының ұзақтығы талқыланды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында ата-аналар қауымдастығымен оқу жылының ұзақтығы талқыланды. Талқылауға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерхан Жұмабекұлы, «Қызмет» қоғамдық қорының директоры Баян Алшинбаева, Астана қ. С. Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының ата-аналар комитетінің төрағасы Жұмажан Жүкенов және т. б. қатысты.

Кездесуге қатысушылар оқу жылының ұзақтығын ұлғайтудың тиімділігін, оқу жылының ұзақтығының білім сапасы мен білім алушылардың дене денсаулығына әсерін талқылады.