Жаңалықтарға қайту
30.06.2023
Оқу жылының ұзақтығы мәселесі бойынша кезекті отырыс өтті
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында оқу жылының ұзақтығы мәселесі бойынша кезекті отырыс өтті.
Талқылауға сараптамалық кеңестің мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты Әкім Тұрсын, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің, әдістемелік орталықтардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Сарапшылар оқу жылының ұзақтығын ұлғайтудың тиімділігін, оқу жылының ұзақтығының білім беру сапасына және білім алушылардың физикалық денсаулығына әсерін талқылады.