qaz
Еуропалық Одақтың DARYA жобасы

Алтынсарин академиясы Еуропалық Одақтың DARYA жобасы аясында Қазақстан делегациясының құрамында «Бейресми және стихиялық оқытуды валидациялау/алдыңғы оқытуды тану. Стейкхолдерлердің өзара әрекеттесуі және біліктілік жүйелерін басқару» өңірлік семинарының жұмысына қатысты. 

Қазақстандық делегация алдыңғы оқыту және дағдыларды валидациялауды тану бойынша ағымдағы жағдайды ұсынып, сертификаттау орталықтарының тәжірибесімен бөлісті.

Семинар нәтижесінде Орталық Азиядағы біліктілік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты жүргізудің ықтимал сценарийлерін зерделеу бағыттары анықталды.