Тіл мен әдебиетті оқытуда педагогтердің зерттеу құзыреттіліктерін дамыту Қостанай қаласында өткен республикалық ғылыми-әдістемелік семинарда талқыланды.
Семинар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша «Кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Семинар қатысушылары функционалды және когнитивті-коммуникативтік технологиядардың ғылыми жүйелілігі, қазақ тілінің басымдығымен көптілді білім беруді дамыту бойынша эксперименталды мектептермен жүргізілген жұмыс түрлерін, айтылым әрекеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, жазылым жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. сұрақтарды талқылады.
Семинар соңында «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» НҚБ шеңберінде «Қазақ тілінің басымдығымен көптілді білім беруді дамыту: эксперимент және нәтиже» жобасы талқыланды.