Жаңалықтарға қайту
22.06.2023
Оқу жылының ұзақтығын талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында оқу жылының ұзақтығын талқылау бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Жұмыс тобының мүшелері жүргізілген зерттеулердің алдын ала нәтижелерімен танысып, осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді.
Талқылауға жұмыс тобының сарапшылары, жеке және мемлекеттік мектептердің, қоғамдық ұйымдардың, министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.