Бүгін Алтынсарин Академиясына Беларусь Республикасының білім беру өкілдерінің делегациясы танысу сапарымен келді. Делегация құрамында Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы Екатерина Шелегова, М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің, Беларусь мемлекеттік технологиялық университетінің, Витебск медициналық университетінің Халықтар достығы мемлекеттік орденінің өкілдері бар.
Сапар аясында Беларусь тарапы STEM-технологиялар зертханасымен, инклюзивті білім беру орталығының жұмысымен, сондай-ақ Академияның ғылыми қызметімен танысты.
Тараптар көптілді білім беру, білім беру мазмұнын жаңғырту мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасында орта білім беруді дамытуды талқылады. Шетелдік әріптестер үшін білім алушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысының бағыты ерекше қызығушылық тудырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық үшін перспективалық бағыттар талқыланды.