Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Аида Ахметжанова Қазақстаннан делегация құрамында Орталық Азияның бес еліндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) жастарды қолдауға бағытталған Еуропалық Одақтың DARYA бірінші өңірлік жобасының семинарына қатысты.
Семинар оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға арналған. Еуропалық білім беру қорының сарапшылары қатысушыларды азаматтар үшін (DigComp) және оқытушылар үшін (DigCompedu) цифрлық құзыреттілік шеңберімен таныстырды . Өз тарапынан Қазақстаннан келген делегация білім алушылар мен педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамытудың, цифрлық білім беру ортасы мен инфрақұрылымды қолдаудың ұлттық тәжірибесін ұсынды.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушы елдер арасында өзара қызығушылық тудыратын салалар айқындалды, сондай-ақ DARYA жобасы шеңберінде жұмыс істеу үшін келешектегі іс-қимылдар әзірленді.