qaz
«Білім» ғылыми-педагогикалық журналының сайты әзірленген

Құрметті әріптестер, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарына сәйкес ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету үшін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Білім» ғылыми-педагогикалық журналының сайты әзірленгенін мәлімдейміз.

Қазіргі уақытта оны дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз және біздің басылымға қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

«Білім» ғылыми-педагогикалық журналына мақаланы келесі сілтеме бойынша беруге болады: https://bilim-uba.kz/