qaz
Алматыда Академияның мерейтойына арналған конференция өтті

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында Академияның 100 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті.

Конференция аясында Академия дамуының тарихи аспектілері, қазақтың көрнекті тұлғаларының оған қосқан үлесі, сондай-ақ Академияның қазақстандық білім беру жүйесін дамыту мен қалыптастырудағы рөлі қарастырылды. Оған білім саласының құрметті қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және Академияда ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен ғалымдар қатысты.

Салтанатты іс-шара соңында Академия президенті Ғани Бейсембаев конференцияға қатысушыларға Ұлттық білім академиясының дамуы мен қазақ білімінің өркендеуіне, білім берудің мазмұны мен әдістемесін жетілдіруге сіңірген еңбектері үшін алғыс хаттар табыс етті.