«Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» НҚБ шеңберінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ел мектептеріндегі білім беру кеңістігінің қолжетімділігі мен тиімділігі және эргономикалық білім беру кеңістігінің моделін әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
Бүгін Алтынсарин Академиясының қабырғасында ғалымдар жаңа үлгідегі эргономикалық мектептің жобасын ұсынды. Жаңа типтегі перспективалы эргономикалық жалпы білім беретін мектеп жобасының негізгі идеясы – ыңғайлылық, жайлылық, денсаулықты сақтау, жасыл технологиялар, эстетика, инновациялық цифрлық және смарт технологиялар. Эргономикалық аспектілерді зерттеу болашақ-мектептердің қалыптасуына негіз бола алады.
Зерттеу қорытындысы бойынша ғалымдар мектептердегі эргономикалық тәсілдерді іске асыру бөлігінде барлық білім беру ұйымдары үшін ұсынымдар дайындап, жолдайтын болады.