«Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» НҚБ шеңберінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың теңгерімді тамақтануымен қамтамасыз етілуін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде.
Зерттеу барысында балалардың алиментарлық-тәуелді аурулармен сырқаттану деңгейі зерттелді, мысалы: ас қорыту жүйесінің аурулары, тамақтану жеткіліксіздігі, артық салмақ және семіздік, микроэлементтер жеткіліксіздігінің әртүрлі формалары. Білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру сапасына талдау, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналарының балалардың дұрыс тамақтануы туралы хабардар болу деңгейін зерделеу бойынша алдын ала сауалнама жүргізілді.
Зерттеу соңында балалардың алиментарлық-тәуелді ауруларының алдын алу үшін ұйымдастыру нысандары мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың теңгерімді тамақтануы тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.