qaz
Ұлт зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ұрпақ тәрбиесі: ар ілімі» республикалық онлайн семинар өтті.

Онлайн семинарға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және өңірлік әдістемелік орталықтардың тәрбие ісі бойынша басшылар, республика бойынша білім беру ұйымдарынан директорлардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлар,  сынып жетекшілері және басқада  300-ден аса мамандар қатысты.

Семинарда бала тәрбиесіне Шәкәрімнің педагогикалық идеяларын енгізу мен оны тәжірибеде жүзеге асыру бойынша тиімді тәжірибе айтылды. Келесі оқу жылында тарихи тұлғалар, ұлт зиялыларының қалдырған мұраларын тәрбие жұмысында, сынып сағаттарында қолдану бойынша  әріптестік ортада ой бөлісті.

Ұлт зиялыларын ұлықтау, олардың мұраларын дәріптеу өскелең ұрпаққа ұлттық рухты сіңіретін тиімді тәрбие құралы.