Руслан Қаратабанов 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «География-туризм» мамандығы бойынша, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «География» мамандығы бойынша 2013 жылы магистратурада, 2020 жылы докторантурада білім алған.
Еңбек жолын 1997 жылы Абай атындағы АМУ-де Елтану және әлеуметтік география кафедрасының аға оқытушысы болып бастаған. 2004-2013 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы, 2011-2013 жылдары Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде (IB) география пәнінің мұғалімі, 2013-2017 жылдары – «НЗМ» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының талдау және зерттеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2017 ж. – «Алматыкітап» баспасының редакторы, 2019 ж. – Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінің қосымша білім беру департаментінің аға менеджері, 2020 ж. – біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша аға менеджері.
«География» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы авторларының бірі. Жалпы білім беретін мектептерге арналған география бойынша мектеп оқулықтарының авторы.