qaz
Алматыда Академияның 100 жылдығы атап өтілуде

Қазақ білімінің қара шаңырағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығын атап өту Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.

Білім саласының құрметті қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және Академияда ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен ғалымдар Алаш зиялысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Одан соң зиялы қауым Ахмет Байтұрсынұлы Музей-үйінде Алаш ардақтысының мұрасымен танысып, оның қазақ білімінің дамуына қосқан үлесін дәріптеді.

А.Байтұрсынов 1921 жылы Орынбор қаласында Академиялық орталық ашып, қазіргі Академияның негізін қалаған болатын.