Алтынсарин Академиясы мен ЮНИСЕФ өкілдері ковидтен кейінгі кезеңде білім алушылардың білімін толықтыру үшін сараланған тәсілді дамытуды, жаңа тәсілдер мен стратегияларды талқылады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Аида Ахметжанова және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи құттықтау сөз сөйледі.
Аида Ахметжанова өз сөзінде пандемиядан туындаған білім жоғалтудың әсері халықаралық салыстырмалы зерттеулердің деректерімен расталатынын атап өтті. Сондықтан оқушылардың білімін толықтыру үшін сараланған тәсілді дамытуға бағытталған бағдарламалар бүгінгі күні өте маңызды.
Іс-шараға қатысушылар ҚР орта білім беру ұйымдарында іске асырылған және білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған бағдарламалардың нәтижелерімен танысты.