Ақтау қаласында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Маңғыстау облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбында республикалық практикалық конференция өтті.
Пленарлық отырыс және «Іс-тәжірибелердегі зерттеу мен шығармашылық идеялар», «ХХІ ғ. Тарих пәнін оқытудың тиімді дағдыларын қалыптастыру» және «Оқу мен оқытудағы инновациялық шеберлік» панельдік секция жұмыстарына өңірлерден келген 400-ге жуық тарих мұғалімдері мен әдіскерлері қатысты.
Конференция аясында «Ақпараттық жүйедегі – жаңа технологиялар» тақырыбында цифрлық көрме өтті. Көрмеде «Nomad» ұлттық Мұра клубы, тарих сабақтарындағы қызықты 3D элементтер және т. б. сияқты цифрлық инсталляциялардағы жас тарихшы-мұғалімдердің жұмыстары қойылды