qaz
Мадина Тыныбаева американдық жоғары білім беру зерттеушісі Кэнтуэллмен кездесті

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева Мичиган мемлекеттік университетінің американдық жоғары білім беру зерттеушісі, қауымдастырылған профессор және Ересектерге және өмір бойы жоғары білім беру бағдарламасының (Higher, Adult, and Lifelong education) үйлестірушісі Брэндан Кэнтуэллмен кездесті.

Кездесу барысында Брэндан Кэнтуэлл Қазақстандағы жоғары білім, оның орта және кәсіптік біліммен байланысы туралы өз зерттеулерін ұсынды. Тараптар ұсынылған зерттеу шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.