Жаңалықтарға қайту
25.05.2023
«Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» халықаралық форумы
Алтынсарин Академиясы Мичиган штатының университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» халықаралық форумы онлайн форматта төрт панельдік секция жұмысымен жалғасты.
Панельдік секциялар аясында форумға қатысушылар көптілді білім беруді, білім алушылардың үлгерімінің төмендігі мәселелерін, педагогтердің кәсіби дайындығын және т. б. талқылады.
Панельдік секциялар жұмысына педагогтер, тәуелсіз сарапшылар, ЖОО ғалымдары, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Панельдік секцияларға қатысушылар өз зерттеулерімен, оқыту әдістемесімен және инновациялық тәжірибелерімен бөлісті.