qaz
Мадина Тыныбаева «Болашақ инженер» жобасын әзірлеушілермен кездесті

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева «Болашақ инженер» жобасын әзірлеушілермен кездесті, оны іске асыру ауылдық мектептерде инженерлік білім беруді дамытуға бағытталған. 

Тараптар білім алушылар мен білім беру ұйымдарының робототехника және инжиниринг жөніндегі білім беру жабдықтарына қолжетімділігін, білім алушылардың инженерлік құзыреттері саласындағы қолжетімді сапалы білім беру ортасын, сондай-ақ робототехника саласындағы білім алушылардың құзыреттерінің картасын әзірлеуді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша робототехника және инженерия бойынша білім беру ортасын дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.