qaz
Академияның бұрынғы президенті Қажымұқан Арыновпен кездесу өтті

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойына орай Академияға 2003-2005 жылдары басшылық еткен Қажымұқан Арыновпен кездесу өтті.  

Қажымұқан Тохтиярұлы ұлттық құндылықтар қоғамның алтын діңгегі болуы қажет екенін айта отырып, білім беруде патриоттық, ұлттық идеология, тіл мәселелеріне басымдық берудің маңызы туралы баяндады.

Сондай-ақ Академияның қазіргі даму перспективаларына қатысты өз пікірін білдіріп, білім мазмұнын әзірлеуге қатысты өз ұсынымдарын айтты.

Жиынға Ғани Бейсембаев және Академия қызметкерлері қатысты.