Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Нархоз университеті «Білім беру жүйесіне тұрақты даму мақсатында білім беру компонентін интеграциялау» бағдарламасын әзірледі.
Бағдарламаны іске асыру тұрақты даму мақсаттарын БМЖМС және оқу бағдарламаларына біріктіруді білдіреді. Бағдарлама тұрақты даму мүддесі үшін ЮНЕСКО-Жапонияның бірлескен білім беру сыйлығына ұсынылды.
Білім беру мазмұнына тұрақты даму мақсаттарын енгізу оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни ойлау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шеңберінде Алтынсарин Академиясы орта білім беру стандартына және олардың құрамдас бөлігінің мазмұнына интеграциялау бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына тұрақты даму мүддесінде талдау жүргізді және құрамдас бөлікті интеграциялау алгоритмін ұсынды.