Жаңалықтарға қайту
17.05.2023
ӘНХ жобасы талқыланды
Алтынсарин Академиясында онлайн форматта «2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың (бұдан әрі – ӘНХ) жобасы талқыланды.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның вице-президенті Әлия Чокушева мен Академия қызметкерлері өңірлік әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлеріне ӘНХ құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін, алдағы оқу жылының ерекшеліктерін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктерін ұсынды.
ӘНХ жобасы Академияның сайтында қолжетімді болады.