«Білімді ұрпақ – білімді ел» білім беру конференциясы өтті

Бүгін Астанада «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» білім беру конференциясы өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламент депутаттары, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева және т. б. қатысты.

«Мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін биыл екі маңызды тұжырымдама қабылданды. Біріншісі – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Екіншісі – жоғары білім мен ғылымды дамыту. Ауылдық жерлердегі мектептерді жылдам интернетпен қамтамасыз ететін «Қолжетімді интернет» жобасы іске асырылуда. Білім берудегі өзгерістердің мыңдаған көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы іске асырылуда. 2025 жылға дейін 5 мың мектеп жаңғыртылады, 7 мың заманауи робототехника, химия, биология, физика кабинеттері ашылады», – деді Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева конференцияға қатысушыларды ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдау мен дамытуға және цифрлық білім беру ортасын құруға бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі Академияның қызметі туралы хабардар етті.  

«Бүгінгі таңда ең маңызды нәрсе – оқыту жүзеге асырылатын цифрлық ортаны құру. Яғни, технологияның білімге қол жетімділігі туралы айтатын болсақ, біздің міндетіміз – бұл қолжетімділікті қауіпсіз және тиімді цифрлық ортада қамтамасыз ету», – деді Мадина Тыныбаева.

Конференция аясында қазақстандық білім беру сапасы, ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту, инклюзивті білім беру, педагогтерді аттестаттау, білім берудегі цифрландыру және т. б. мәселелер қаралды.

Конференцияның бейнетрансляциясымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=qiNgtwTP-