qaz
Австралиялық Minderoo қоры өкілдерімен кездесу

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева Австралиялық Minderoo қорының өкілі, «Thrive by Five» Халықаралық жобалар бөлімінің басшысы Фу Ксин Жен Натаниэльмен және «Education Trust» білім беру саласындағы инвесторлар қауымдастығының мүшесі, Қазақстандағы «Thrive by Five» жобасының жетекші менеджері Ерлан Өтеулинмен  кездесті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстандағы «Thrive by Five»  жобасының іске асырылу барысын, зерттеулер жүргізу қажеттілігін, бағдарламаны енгізу кезеңдері мен балаларды ерте дамыту мүмкіндіктерін талқылады.  

Mindero қоры әлемнің 30 елінде бала өмірінің алғашқы жылдарындағы маңыздылығы туралы хабардар ету, бүкіл әлем бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге мүмкіндік беру үшін бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр.