Жаңалықтарға қайту
16.05.2023
«Ұлттық тәрбие – ел болашағы» форсайт-сессиясы
Бүгін «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» форсайт-сессиясы өтті.
Форсайттың мақсаты: шешімдерді іздеу және ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие тұжырымдамасын дамыту стратегиясын әзірлеу.
Іс-шараға Алтынсарин Академиясының, «Білім-Инновация» ХҚҚ қызметкерлері, білім басқармаларының өкілдері, білім беру ұйымдарын тәрбие ісі жөніндегі басшыларының орынбасарлары, ата-аналар қауымы қатысты.
Форсайтқа қатысушылар отбасы мен мектептегі тәрбиенің өзекті мәселелерін, отбасы мен мектептің тәрбие институттары ретіндегі өзара іс-қимылын, сондай-ақ ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуді талқылады.