Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы өтті, оған ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форумға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы отбасылық саясат мәселелерін талқылады. Бейінді министрліктер Қазақстандағы Отбасы институтын нығайту жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпарат ұсынды. Алты тақырыптық секция аясында ата-аналар мен мектептің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзара іс-қимылы, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, әлеуметтік қамсыздандыру, оқушылардың цифрлық сауаттылығы, интернет-кеңістіктің тәрбиеге әсері мәселелері талқыланды.
Форум қорытындысы бойынша ҚР Отбасы институтын қолдау және нығайту үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру туралы қарар қабылданды.