Алтынсарин Академиясында «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» халықаралық форумының жұмысы жалғасуда.
Бүгін Қазақстаннан келген Мичиган университетінің докторанттары форумға қатысушыларды Мичиган штатының мектеп басшыларының деректерді пайдалану әдістемесімен таныстырды, Мичиган университетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мәселелеріне зерттеулер жүргізудегі тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ Қазақстандағы PISA халықаралық зерттеуіне және оның отандық білімге ықпалына талдау жүргізді.
Кездесу соңында Мичиган университетінің Педагогикалық білім беру кафедрасының профессоры Дуглас К. Хартман білім беру мәселелерінің бірлескен тиімді шешімдерін іздеу үшін білім беру саласындағы сарапшылар мен педагогтердің кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық форум 17-20 мамырда панельдік секциялардың жұмысымен жалғасатынын еске сала кетейік.