Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Мичиган университетімен бірлесіп ұйымдастырған “Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері” халықаралық форумының ашылуы болды.
Форумның пленарлық отырысында Алтынсарин Академиясының қызметкерлері, Мичиган университетінің (АҚШ) өкілдері – халықаралық зерттеулер жөніндегі деканның орынбасары доктор Линн Пейн, педагогикалық білім беру кафедрасының профессоры Дуглас К. Хартман, ҚР ОМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, колледждердің және орта білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форумға қатысушылар педагогтерде hard (кәсіби) және soft (икемді) дағдыларын қалыптастыру, бейіндеуді, білім алушылардың үлгерімінің төмендігін шешу мәселелері мен жолдарын талқылады, колледждер мен университеттерде педагогикалық мамандықтарды даярлаудың трансформациялық моделімен, сондай-ақ қазіргі жағдайдағы бейіндік мектептің қызметімен танысты.