qaz
Түркістан қаласында «Өлкетану – отаншылдық бастауы» шеберлік сыныбы өтті

Түркістан қаласында Түркістан облысының әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған «Өлкетану – отаншылдық бастауы» шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныпты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Түркістан облысының әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара аясында Академия қызметкерлері А. Архыматаева, А. Қайыпбаева және К. Әдиет білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастырудағы өлкетанудың рөлі, сондай-ақ туған өлкені зерттеудегі өлкетану мұражайларының рөлі туралы баяндамалар жасады.

Түркістан облысының әдіскерлері мұражай сабақтарын өткізу әдістерін көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сынып соңында ашық диалог форматында талқылау өтті.